БҚО-да суға кеткен баланың денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында суға кеткен жеті жасар баланың денесі табылды. Оқыс жағдай бұдан екі күн бұрын Ақжайық ауылында болған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жайықтың жағасында асыр салып жүрген екі жеткіншекті иірім тартып кеткен. 35 жастағы ер адам жүгіріп, қызын құтқарып қалған. Ал інісін құтқаруға талпынғанда өзі де суға батып кеткен. Оның денесін сол күні жергілікті тұрғындар алып шықты. Ал баланы құтқарушылар екі тәулік бойы іздеген.