Анталияда 4,1 балдық жер сілкінісі болды
Түркияның курорттық провинциясы Анталияда жер сілкінді.
Жергілікті A Haber телеарнасының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Анталиядан 3,85 шақырым қашықтықта орналасқан Каш ауданында болған. Жағалаудан, яғни теңіз бетінен 31,89 шақырым тереңдіктен тіркелді.
Толқындап соққан жер асты дүмпулері сағат 11:02-де басталып, тіркелді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.