Тайваньға АҚШ сенаторы табан тіреді

Тағы бір американдық сенатор Тайваньға табан тіреді. АҚШ Сенатының Сауда және қарулы күштер жөніндегі комитет мүшесі Марша Блэкбёрн Тайпей әуежайына әскери ұшақпен жетті.

Бүгін ол Тайвань президентімен кездесу өткізбек. Басқосуда екіжақты қауіпсіздік және сауда-экономикалық қатынастар сөз болады деп күтілуде. Бұл АҚШ-тың ресми өкілдерінің аралға үшінші рет келуі. Аталған сапарлардың барлығына Қытай билігі наразылық білдірумен келеді. Азиялық елдің Вашингтондағы елшілігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.