Гаитиде халық үкіметке қарсы наразылыққа шықты

Гаитиде халық үкіметке қарсы наразылыққа шықты

Гаитиде жүздеген тұрғын ел астанасы Порт-о-Пренс көшелеріне шығып, премьер-министр Ариэль Анридің биліктен кетуін талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашынған топ полициямен қақтығысқан. Белсенділер инфляция мен қылмыстың өршіп бара жатқанына наразылық білдірді. Әсіресе жанармай мен дизель отынының қымбаттауы жұртты тығырыққа тіреді. Бұған дейін де халық бас көтеріп, дөңгелектерді өртеп, үлкен көшелерді жабуға тырысқан еді. Полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды.