Алатау қаласы G4 City арнайы экономикалық аймақ аясында дамиды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пэнмен кездесті.

Жүздесу барысында Алатау қаласының жобасы таныстырылып, экономиканың түрлі саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Алатау қаласын дамыту «G4 City» арнайы экономикалық аймақ жобасы аясында іске асырылады. Ол іскерлік, қаржылық, медициналық, индустриалды және туристік кластердің орталығына айналады. Жобаны әзірлеуге сингапурлық компания қатысты. 2050 жылға дейін Алатауда 2 млн астам адам тұрады деп жоспарланып отыр. 

Асқар Құттықадам, Қазақстанның Сингапур, Австралия және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

«Алматы облысы экономикалық, өндірістік, туристік әлеуеті жөнінен еліміздегі көшбасшы өңірлердің бірі саналады. Алатау қаласының Алматы мен Қонаев арасында орналасуының өзі стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Ол тек осы аймақтың ғана еме емес, еліміздің дамуына локомотив болады. Сингапурлық және халықарық бизнес осы жобаның іске асуына атсалысады деген үміттеміз».

Теміржол бойында орналасқан Алатаудың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Қазір шаһарда жаңа логистикалық орталық құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен бірге 90 мың гектарды алып жатқан аумақта ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік көп. 

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- Бұлар қаржы орталығы болғандықтан көбінесе сыртта жұмыс істегісі келеді. Сол себептен мынау біздің Алатау қала бұларға өте жақсы мүмкіндік болып тұр. Енді әрі қарай сол жақсы өзімізге серіктес тауып, әрі қарай осы жобаны дүние жүзінде қалай жылжытамыз. Соған осының реализациясы байланысты болады.

Елімізде 143 сингапурлық компания жұмыс істейді. Жобаларының 30%-ын Алматы облысында іске асырған. Өткен жылы қос ел арасындағы тауар айналымы 1,6 АҚШ долларынан асты.

А.Садуақас, С.Жұмабаев