Кейбір мемлекетте балаларды қаржылай қолдау қалай жүзеге асады

Кейбір мемлекетте балаларды қаржылай қолдау қалай жүзеге асады

Кей мемлекеттерде бала кәмілеттік жасқа толғанша оның есеп шотында жарты миллион долларға дейін қаражат жиналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Катарда сәби дүниеге келген бойда оның шотына орта есеппен 3 мың доллар ақша түседі. Бұл заң жүзінде бекітіліп қойған. Бірақ ол үшін ата-анасының екеуі де сол елдің азаматы болуы тиіс. Ал салынатын қаражат мөлшері елдегі мұнай құнына байланысты, оны жергілікті Қаржы органдары бекітеді. Статистикаға сүйенсек, Кувейт пен Араб Әмірліктерінде 18-ге келген баланың шотында шамамен 100 мың доллар болса, ал Катарда 500 мың долларға дейін жетеді. Бұған бірнеше фактор әсер етуі мүмкін мысалы, жергілікті банктердің пайыздық мөлшерлемесі, елдегі экономикалық ахуал, отбасылық жағдай, тіпті ата-анасының қызметі де ықпалын тигізеді. Бала депозитін ата-анасы немесе туған туыстары толықтыра алады, бірақ олар шотқа қол сұқпайды. Шот иесі ақшаны кез келген мақсатта жұмсай алады. Десек те, сарапшылардың пайымдауынша, осы күнге дейін жастар мемлекеттен берілген қаражатты оңды-солды жұмсамапты.