Анталия жағалауында НАТО әскери оқу-жаттығу өткізді

Анталия жағалауында НАТО-ның әскери-теңіз жаттығуына Түркия мен Грекия қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 50 әскери кеме, 5 сүңгуір кеме, 5 теңіз ұшағы мен 1500 теңіз жаяу әскері тартылды. Оқу-жаттығу жиыны қыркүйектің 22-сіне дейін созылады. Естеріңізге сала кетейік, әскери жаттығу Солтүстік Атлантикалық одаққа мүше екі ел арасындағы Эгей мен Жерорта теңізіне қатысты даулы мәселе ушыққан тұста өтіп жатыр.