Тунисте жанармай тапшы

Тунисте жанармай тапшы

Соңғы деректерге қарағанда адамдар  сұйық отын бекеттерінде ұзынсонар кезекте  тұруға  мәжбүр.

Дегенмен, таяуда Энергетика министрі бұл мәселе шешіледі, жанармай жеткізіледі деп сендіруге тырысады. Мамандар, мұндай ахуалдың қалыптасуына импорт жеткізу проблемалары себеп дейді. Жергілікті тұрғындарға күніне 13 литрдан ғана жанармай беріледі. Қазір осыған байланысты, кей қалаларда  көлік қозғалысы тежелді. Бұдан бөлек, елде  азық-түлік  тапшылығы болып отыр, әсіресе дүкендерде ұн, қант, май сөрелері бос тұр.  Жергілікті билік жағдай қаржы қиындықтарына байланысты  тығырыққа тіреліп, енді Ұлттық Валюта қорынан көмек күтіп отырмыз, дейді.