Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босады

Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийді қызметінен босатты. Бұл туралы жарлық ресми сайтта жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін дипломаттың сұхбаттарының бірінде айтқан сөзі халықаралық резонанс тудырған болатын. Оның сөздерін Қазақстан халқы Ассамблеясы қатаң айыптады. Кейін ҚР СІМ Елші Украинаның шешімі бойынша мемлекеттен кетеді деп мәлімдеген. Киевтен Астанадағы жаңа елшіні тағайындау туралы өтініш түсті. Пётр Врублевскийді жұмыстан шығарумен қатар Владимир Зеленский Марокко мен Словакияға жаңа елшілерді тағайындады.