Конгода концерт кезіндегі қайғылы оқиғадан 11 адам қаза тапты

Конгода концерт кезіндегі қайғылы оқиғадан 11 адам қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасадағы стадионның бірінде дүрбелең туып, 11 адам тапталып қаза тапты.

Тағы 7 кісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға осы елдің танымал әншісі Фалли Ипупаның концерті кезінде болды. Оған кешке билеттің шамадан тыс көп сатылып, стадионның адамдарға лық толуы себеп болды. Өйткені оның ішіне сыймай дәлізде тұрған көрермендер әншіні көру үшін сахнаға қарай ұмтылып, бір-бірін итеріп, кептеліп қалған.