Жаир Болсонару Бразилия халқына үндеу жасады

Жаир Болсонару Бразилия халқына үндеу жасады

Бразилия президенті Жаир Болсонару шеру-шілерді жолдарды бөгемеуге шақырды.

Оның үндеуі әлеуметтік желіде жарияланды. Болсонару азаматтардың бейбіт шеруге шығу құқығын қолдағанымен, зорлық-зомбылыққа қарсы екенін жеткізді. Бразилияда жақында президенттік сайлау өтіп, Жаир Болсонару осы елдің бұрынғы басшысы Лула да Силвадан жеңіліп қалған еді. Бірақ Болсонаруды қолдаған жүк көлік жүргізушілері оның қорытындысымен келіспейтіндерін айтып, жолдарды бөгеуге көшкен. 

Жаир Болсонару , Бразилия президенті:

- Сайлаудың нәтижесі сіздер күткендей болмады. Соған көңіл құлазып қалғанын білемін. Бұл маған да ауыр тиді. Бірақ ашуға бой алдырмай, салмақты болайық. Шеру ұйымдастыру дұрыс. Мұны демократияның бір көрінісі дер едім. Бірақ жолдарды бөгеп, күшпен қарсылық таныту - заңсыздық. Біз оған тосқауыл қоюымыз  керек.