Ресейдің Кострома қаласында түнгі клуб өртеніп кетті

Ресейдің Кострома қаласындағы сауық мекемесін от қойды деген күдікті ұсталды.

Бүгін “Полигон" түнгі клубы өртеніп кеткен еді. Оқиға кезінде 15 адам опат болған. Тағы бесеуі жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша ғимараттың отқа орануына пиротехниканы қолдану себеп болған. Яғни әлдекім жанжал шығарып, қарсыласына аспанға от атып, белгі беретін тапанша қолданған. Содан от шығып, ғимараттың 3500 шаршы метр аумағын шарпыған. Сол кезде 250 адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қазір өрт толық сөндірілген.