Илон Масктің байланыстары тексеріледі

АҚШ Президенті Джо Байден миллиардер Илон Маскқа күмәнмен қарайтынын білдірді.

Ол бизнесменнің, басқа елдермен қарым-қатынасын жіті тексеру керек дейді. Байденның мәлімдеуінше, Илон Масктың әлем елдерімен байланысында АҚШ саясатына қарсы әрекеттер бар-жоғын анықтау қажет. Кей ақпарат көздерінің деректеріне сәйкес, бұл  тексеруге, өткен айда кәсіпкердің Украинаға қатысты Twitter-де жазған, бірнеше хабарламасы түрткі болуы мүмкін. Айта кетейік, Джо Байден, Илон Маск Twitter иесі болды деген мәлімет шыққанда “бұл әлеуметтік желі жалған ақпарат тарататын құрал” деп мәлімдеген болатын.