Финляндияда кадр тапшылығы туындап отыр

Финляндияға 2050 жылға дейін жыл сайын елге 50 мың еңбек мигрантын тартып отыру керек.

Өйткені халықтың қартаюы салдарынан мұнда кадр тапшылығы туындаған. Әсіресе технологиялық салада маман жетіспей жатыр. Секторға алдағы 10 жылда 130 мың жаңа қызметкер қажет болуы мүмкін деген болжам бар. Билік бұл бос орындардың жартысына зейнеткерлерді қабылдауға ниетті. Сарапшылар: «Мәселені шешу үшін шетелдік мигранттарды тарту қажет», – дейді.