Португалияда жауын су тасқынына ұласты

Португалияда жауын су тасқынына ұласты

Атлант мұхитынан дүлей дауыл соғып, Португалияға нөсер жауын жауды.

Оның соңы алапат тасқынға айналған. Ел астанасы Лиссабонда 1 адам көз жұмды. Көшелер мен ғимараттарды су шайып, мектептерде сабақ тоқтатылған. Автобус, метро мен пойыздар да қаңтарылды. Билік көмекке сарбаздарды жұмылдырып жатыр. Лиссабон әкімшілігі тұрғындарды шұғыл шаруа болмаса көшеге шықпауға, үйде болуға шақырды. Мамандар қолайсыз ауа райына климат өзгерісі басты себеп дейді. Дауыл Испанияға қарай бет алған.

Хосе Карвало, құтқарушы:

- Бір түннің ішінде Лиссабонның төменгі бөлігін су басып қалды. Көптеген үйлер мен коммерциялық ғимараттарға үлкен зақым келді. Мұндай табиғи апаттар соңғы кезде жиілеп, ес жиғызбай жатыр.