БҰҰ Тәліптердің шешімін айыптады

БҰҰ Тәліптердің шешімін айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі «Талибан» қозғалысының қыз балалардың жоғары оқу орындарында білім алуына тыйым салуын айыптады.

Халықаралық қауымдастық тәліптерден шешімді қайта қарауға шақырды. Ал қозғалыс басшылары болса өздерінің әрекетін қыз-келіншектердің хиджабты кию тәртібін сақтамайтындығымен түсіндіреді. Тәліптердің шешіміне байланысты осы елдегі бірнеше халықаралық ұйым жұмысын тоқтататынын жариялады. Сарапшылар елдегі экономикалық дағдарыс кезінде мұның салдары ауыр болатынын ескертіп отыр.