Кубалықтар Флорида штатына ағылды

АҚШ-қа Кубадан келетін босқындар саны азаяр емес.

Соңғы деректерге қарасақ, Флорида штатының жағажайына таяуда 500-ден астам кубалық келген. Жергілікті билік оларды медициналық тексеруден өткізіп, құжаттарын реттеуге жәрдемдесіп жатыр. Қажетті жұмыстар жүргізілгенше мигранттар уақытша шатырларға орналастырылған. Оларға журналистермен сөйлесуге рұқсат  жоқ. Айта кетейік, кубалықтар еліндегі дағдарыстан қашып, АҚШ-қа ауып жатыр. Соңғы 3 жылда мыңдаған мигрант орта жолда көз жұмған. Қазан айынан бері заңсыз шекара аспақ болған 42 мың адам ұсталыпты.