Қытайдың Циндао қаласында «Қытай- Орталық Азия» форумы өтіп жатыр

Қытайдың Циндао қаласында «Қытай- Орталық Азия» форумы өтіп жатыр. Елдің  шығысында орналасқан бұл шаһар жүк транзиті бойынша әлемдегі төртінші ірі теңіз порты саналады.

Форумға қатысушылар сауда- саттық барысында кездесетін түрлі кедергілермен бірігіп күресуді қолға алмақ.   

Былтыр алты елдің мемлекет басшылары онлайн-саммит барысында осы форумды өткізуге келіскен еді. Панемиядан кейін экономикалық байланыстарды қалыпқа келтіріп, сауда айналымын арттыру басты мақсат. Қытай Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің жолдаған арнайы үндеуінің мазмұны осыған саяды. 

Хэ Лифэн:

Қытай-Орталық Азия өндірістік-инновациялық ынтымақтастық Форумының ашылуымен құттықтаймын және барлық қатысушыларға шын жүректен сәлем жолдаймын.

Форумда аймақтағы сауда-экономикалық байланысты дамыту мен жүк айналымының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету жөнінде мәселе қозғалды. Өндірістік және ғылыми кластерлерді құру, жасыл технологияларды дамыту жөнінде түрлі пікірлер айтылды. Бұл салаға инвесторлар ауадай қажет-деген тоқтамға келді. 

Қуаныш Амантай, «KAZAKH INVEST ҰК» Акционерлік қоғамының қытайдағы бас өкілі:

- Біз бүгін осы Форумның шеңберінде Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырдық. Жалпы, Форумға бірқатар жергілікті және қытайлық аумақтағы компаниялар қатысты. Бірнеше компаниялармен Форумның алаңында кездесулер өткіздік. Бұл Форум ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі форумдардың бірі ретінде өткізілу жоспарлануда. Біздің ойымызша, бұл Қазақстан үшін қосымша инвестицияларды тарту мүмкіндік беретін жақсы площадкалардың біреуі болады.

Форум екі күнге жоспарланған. Ертеңгі сессия ауыл шаруашылығы мен энергетика саласын жетілдіру, өндірістік интернетті дамытуға арналады. Форумның Циндаода өтуінің өзі кездейсоқ емес. Бұл аймақ жүк айналымы бойынша әлемдегі төртінші ірі теңіз айлағы. Сондай-ақ, тұрмыстық техника, құрал-жабдық пен автокөліктер шығаратын инновация орталығы саналады.

Авторы: Ботагөз Сырғабаева