Гонконгтың Виктория саябағында Гүлдер көрмесі ашылды

Гонконгтың Виктория саябағында көздің жауын алатын Гүл көрмесі ашылды. «Гүл бақыты» деп аталған көрмеге 10 елден 400 мың өсімдік әкелінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 19 наурызға дейін жалғасады. Осы аралықта жарық қойылымы көрсетіліп, концерт ұйымдастырылады. Сондай-ақ басқа да көңіл көтеру және спорт іс-шаралары өтеді. 

- Биылғы көрме ерекше өтіп жатыр. Гүлдің неше атасы бар. Ауа райы да қолайлы. Табиғат пен сұлулық керемет үйлесіп тұр.