Перуде тасқын судың беті қайтпай тұр

Перу тұрғындары да тасқыннан зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Толассыз нөсерден кейін өзен-көлдер арнасынан асып, ел астанасындағы аудандардың бірін су басып қалды. Жауынның салдарынан тас жолдардың тас талқаны шығып, үйлер қираған. Лай көшкіні жүрген. Перуде тасқын су қаңтардан бері қайтпай тұр. 50 адам опат болып, 20 мыңнан астам үй бүлінді.