АҚШ-та ғарышкерлердің жаңа киімі таныстырылды

АҚШ Ғарыш агенттігі алдағы уақытта Айға ұшатын ғарышкерлердің жаңа киімін таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Хьюстон қаласында ғарыш саласына арналған іс-шара барысында көрсетілді. Жаңа скафандр ғарышкер жеңіл қозғалатындай етіп жасалған. Ал киімнің бас тұсына жарқырайтын жолақ тігіліп, түсіру мүмкіндігі жоғары камера орнатылған.

НАСА Айға ғарышкерлерді ұшыруды 2025 жылға жоспарлап отыр. Миссия «Артемида-3» деп аталады. Шара аясында Айға алғаш рет ғарышкер әйел аттандырылмақ. Жоба сәтті жүзеге асса Марсқа да ғарышкерлерді ұшыру қолға алынуы мүмкін.