Еуроаймақта инфляция өсімі бәсеңдеді

Еуропада инфляция бәсеңдеп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Евросат деректері бойынша, көрсеткіш 7%-ке төмендеді. Мамандар бұны көгілдір отын бағасының арзандауымен байланыстырып отыр. Бұған дейін табиғи газдың бағасы 2 есе өскен еді.

Сондай-ақ азық-түлік, темекі және ішімдік қымбаттап, баға 15%-ке көтерілді. Инфляцияның төменгі деңгейі Люксембургте сақталған. 3%-тен аспайды.

Сонымен қатар Испания, Италия мен Германияда көрсеткіш тұрақталып келеді. Ал Латвия, Эстония және Литва елдерінде баға түспей тұр.