Ыстамбұлда Сұлтанахмет мешіті қайта ашылды
Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет мешітін қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жөндеу жұмыстары 5 жыл жүргізілді. Жабық тұрған мешіт есігін айқара ашты.
Қалпына келтіру жұмыстары кезінде электрмен қамтамасыз ету жүйесі толығымен ауыстырылды. Тастары тазаланды. Әйнектері өңделді. Сондай-ақ ғимараттың сейсмикалық төзімділігі де тексеруден өткен.