Тунистің жағалау күзеті 372 босқынды ұстады

Тунистің жағалау күзеті 372 босқынды ұстады.

Бәрі қайықпен елден шығып бара жатқан кезде қолға түскен. Олардың дені – Батыс Африка, Сирия мен Бангладеш елдерінің тумалары. Бірі жайлы өмір, енді бірі жұмыс іздеп Еуропаға бет алған. Жалпы, ресми дерек бойынша жыл басынан бері Тунистің жағалау күзеті 13 мыңнан астам мигрантты кері қайтарған. Бірақ шетелге қашқандар саны көбеймесе азаятын емес.