Чилиде құс тұмауы өршіп барады

Чилиде құс тұмауы өршіп, миллионға жуық құс қырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерт былтыр тарай бастаған. Елде төтенше жағдай жарияланып, экспортқа тауық өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Вирус адамдарға да қауіп төндіріп тұр. Сондықтан, қажетті шараларды шұғыл қолға алған жөн, - деп отыр жергілікті денсаулық сақтау қызметінің мамандары.

Құс тұмауы Аргентинаға да жетті. Ал әлем бойынша құс етін көп экспорттайтын Бразилияда жағдай тұрақты.