Ұлыбританияда шерушілер жолдарды бөгеп тастады

Ұлыбританияның астанасында мұнай мен газ кеніштерін игеруге қарсы шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілшілер Лондон көшелерін бөгеп тастады. Осының салдарынан балаларын мектепке апара алмаған көлік жүргізушілер олармен қақтығыса жаздады.

Айта кету керек, жақында билік қоғамдық тәртіп жөнінде жаңа заң қабылдады. Оған сәйкес жолдарды бөгейтін немесе ұлттық инфрақұрылымның жұмысына кедергі келтіргендерге бір жылға дейін бас бостаныдығынан айыру жазасы қарастырылған.