Канаданың Британиялық Колумбия провинциясында орман өрті басылар емес

Аймақта соңғы бір тәулікте тағы 11 жерден өрт шықты.

Бұған дейін өңірде 56 алқап лаулап жанып жатқан еді. Табиғат апатына байланысты мыңдаған адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшкен. Ағаштардың тез өртенуіне күннің ыстық болуы себеп дейді.