АҚШ пен Қытай арасында жылымық пайда болды

АҚШ пен Қытай арасында "жылымық" пайда болды.

Сарапшылар Энтони Блинкеннің Бейжіңге іссапарына осындай баға беріп отыр. Өйткені кейінгі 5 жылда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы алғаш рет Қытайға барған. Соңғы рет мұндай басқосу 2018-жылы Джон САлливан тұсында өткен. Американдық дипломат іссапары барысында Қытай басшысымен кездесті.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Қытайға сапары екі күнге жалғасты. Сол уақыт ішінде саясаткер елдің сырты істер министрімен кездесті. Бірақ Энтони Блинкен мен Си Цзиньпинь жолыға ма, жоқ па - бұл бертінге дейін белгісіз болды. Тілшілерге басқосу жайлы бір сағат қалғанда ғана хабарланды. Кездесу небәрі жарты сағатқа жалғасты. Америкалық саясаткер арадағы қатым-қатынасты жақсартып, сауда-саттықтағы шиеленістерді шешуді көздейтінін жеткізген. Іс-сапарының басты мақсаты осы екенін де бірден айтқан. Босқосу барысында нақты қандай шешімдер қабылданғаны туралы әлі жария етілген жоқ. Бірақ тараптар кейбір сұрақтар бойынша келісімге келгендерін жеткізді. Сондай-ақ екі ел арасындағы қатыс-қатынастың жақсаруында ілгерілеу барын айтады. Енді бәрі ойдағыдай өтсе, биыл Джо Байден және Си Цзиньпиннің қатысуымен саммит өтуі мүмкін дейді сарапшылар.

Си Цзиньпин, ҚХР Төрағасы:

"Біз нақты сұрақтар бойынша келісімге келдік. Бұл қуантарлық жағдай. Екі ел арасындағы байланыс сыйластық пен шынайлыққа негізделу керек. Энтони Блинкеннің іссапары Қытай мен АҚШ қарым-қатынасының тұрақталуына өз септігін тигізеді деген үміттеміз."

Энтони Блинкен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

- Бейжіңде жоғары деңгейдегі бірақтар кездесуге қатыстым. Қытай тарабының қонақжайлығына ризамын. Бұған дейін айтқанымды тағы да қайталап өтейін: Шиеленістерді шешудің ең дұрыс жолы - бұл диалог құру. Сонда даулы мәселе қақтығысқа ұласпайды. Қытайлық әріптестерімнің де пікірі осыған саяды. Екі жақ та арадағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттігін түсініп отыр.

Негізі Энтони Блинкен Бейжіңге биыл ақпанда бару керек еді. Алайда іс-сапар кейінге қалды. Өйткені америкалық әскерилер өз аумағында ұшып жүрген қытайлық аэростатты атып түсірген. Ресми Вашингтон аппараттың барлаумен айналысқанын айтты. Бірақ Қытай жағы,,,ол бағытынан ауытқып кеткен метеозонд болғанын хабарлады. Екі ел арасындағы жағдай онсыз да мәз емес еді. Бұл оқиғадан кейін тіптен ушығып кетті. Арадағы тағы бір даулы сұрақ - бұл Тайвань мәселесі. Былтыр жазда АҚШ өкілдер палатасының спикері болған Ненси Пелоси аралға барғаннан кейін Бейжің мұны егемендігіне қолсұғуға бағалаған. Өйткені Тайваньды өз аумағы санайды. Бірақ Энтони Блинкен,,,америкалықар аралдың тәуелсіздігін мойындамайтынын айтты. Десе де Қытайдың өңірде әскери оқу-жаттығулар өткізу секілді "арандатушылық әрекеттерін де" қолдамайтынын жеткізді. Өйткені мұның соңы жаһандық дағдарысқа ұласуы мүмкін екенін ескертті.

Джефф Лью, Тайвань Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: 

- Тайванның сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың өрбуін жіті бақылап отыр. Байден әкімшілігі Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалуға барын салып отыр. Біз америкалықтардың бұл көзқарасын құптаймыз. Тайвань бұғазындағы тұрақтылық Үнді-Тынық мұхиты өңіріндегі қауіпсіздіктің негізі саналады.

АҚШ пен Қытай арасындағы ахуалдың жақсаруынан көршілес елдер де ұтады. Арнамызға берген сұхбатында Нұрлан Мусин осындай пікір білдірді.

Нұрлан Мусин, Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы:

- Екі ел арасындағы ахуалдың нашарлауының салқыны бізге де тиюі мүмкін. Қытай мен АҚШ секілді алпауыт мемлекеттер жанжалдасқанда, олардың серіктестеріне бір жақты қолдап, таңдау жасауға тура келеді. Ал Қазақстан ондай таңдау жасайтындай жағдайда қалғысы келмейді.

Негізі екі алпауыт мемлекеттің арасындағы ахуалдың ушығуы ешбір елге пайда әкелмейді. Сондықтан АҚШ пен Қытайдың қарым-қатынасының қалыпты болуынан бүкіл әлем ұтады дейді сарапшылар.