Гонконгта мектептер уақытша жабылды

Гонконгқа «Талим» дауылы жақындап, өңірде барлық мектеп уақытша жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта кеме қозғалысы тоқатылып, кей бағыттағы әуе рейстері кейінге шегерілген. Бірқатар ауданнан тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Дүлей жел қазір Гонконгтан 300 шақырымдай жерде жылжып келеді. Оның жылдамдығы сағатына 140 шақырымнан асады.  Дауыл Гонконгты басып өткен соң Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун мен Хайнань провиницияларына соғады деген болжам бар.