Оңтүстік Кореяда ер адам адамдарға пышақпен шабуыл жасады

Оңтүстік Корея астанасында белгісіз ер адам пышақпен 1 кісіні өлтіріп, тағы 3-еуін жаралады.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, шабуыл Сеулдегі метро бекетінің жанында болған. 30 жастағы күдіктінің мұндай әрекетке не үшін барғаны беймәлім. Полиция жарақат алған 1 адамның халі ауыр дейді.