Бразилияда қоймадағы жарылыстан сегіз адам көз жұмды

Бразилияда астық сақтайтын қоймада жарылыс болып, 8 адам қаза тапты.

Тағы оннан аса жұмысшы жарақат алды. Оқиға Палотина қаласының шетінде ірі шаруашылықта болды. Куәгерлердің айтуынша, қоймадағы дүмпуден кейін төңірегіндегі тағы 2 ғимаратта да жарылыс тіркелген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ренильдо Перейра, жұмысшы:

- Мен қойманың сыртындағы аулада жүргем. Бір кезде қатты жарылыс естілді. Жалма-жан жүгіріп барсам қойма өртеніп, адамдар айғайлап жүргенін көрдім.