ЮНЕСКО: Венецияға қауіп төніп тұр

«Венецияны Дүниежүзілік мұра тізіміне қосу керек». ЮНЕСКО сарапшылары осындай пікірде.

Ұсыныс келесі айда ұйым отырысында қаралады. Мәлімдемеде климаттық өзгерістер мен туризм салдарынан Венецияның бірегей әмбебап құндылығына қауіп төнгені айтылған. Италия билігінің мұраны сақтап қалу үшін айтарлықтай шаралар қолданбай отырғаны да атап өтілді.