АҚШ-та тасқын су салдарынан мыңдаған адам айдалада қалды

АҚШ-тың Невада штатында танымал «Burning Man» фестиваліне келген мыңдаған адам үйлеріне қайта алмай, айдалада қалып қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені нөсер жауын салдарынан жолдарды су шайып кетті. Фестиваль жыл сайын шөл далада ұйымдастырылады. Билік шараны көруге келген тұрғындарды көмек жеткенше су мен тамақты үнемдеуге шақырып отыр.

Осы штатта орналасқан Лас-Вегас көшелерін де су басты. 4 мыңнан адам жарықсыз қалды. Ұшу керек болған жүздеген рейс уақытынан кешіктіріліп жатыр. Ертең – елде Еңбек күні. Осыған орай демалыс берілген.