Жер бетіндегі тіршілік қауіпті аймақта тұр

Жер бетіндегі тіршілік қауіпті аймаққа өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Стокгольм» зерттеу орталығының ғалымдары адамзатқа төнген қатер жайлы дабыл қағып отыр. 2009 жылы швециялық экологтардың бастамасымен бекітілген «планетааралық шекара» қағидасы біржола бұзылуы мүмкін. Оған ғаламшарымыздағы экожүйенің дұрыс жолға қойылмағаны себеп.

Жаңа зерттеуге сүйенсек, біз ғылым енгізген «планетааралық шекараның» 9 қағидасының алтауын бұзып жібердік. Қазір жердегі экожүйе аса қауіпті жағдайда тұр. Орман өрті, климаттағы өзгеріс, жануарлардың жойылуы, жаһандық жылыну, көмірқышқыл газын шамадан тыс пайдалану. Осының барлығы планетадағы тепе-теңдікті бұзады.

Йохан Рокстрем, зерттеуші:

- 2015 жылы біз 4 қағиданың бұзылғанын мәлімдеген болатынбыз. Сондықтан біз зерттеу жұмыстарын жалғастырамыз. Бұл ғалымдар арасында үлкен алаңдаушылық тудырды.

Зерттеушілер Шығыс Еуропаның түгел аймағынан, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Африка, Бразилияның көп бөлігі, Мексика, Қытай және АҚШ-тың батыстағы бірнеше аймағынан «қауіпті орындарды» анықтаған.

Йохан Рокстрем, зерттеуші:

- Бүкіл әлем бірігіп, ғылымға сенді және өнеркәсіп шешімдерін ұсынды. Біз бұл қауіпті шекараны толық кесіп өткен жоқпыз, бірақ бұл адамдар зардап шекпейді дегенді білдірмейді.

«Планетааралық шекараның» ішінде әзірге мұхиттың қышқылдануы мен озон қабатының бұзылуы қауіпсіз аймақта тұр. Алайда адамзаттың ғаламшарымызға немқұрайлы қарауы қатерді күшейтпесе, сейілтпесі анық, - дейді зерттеушілер.

Авторы: Фариза Жанғанаева.