Бейжің жазбалары. Ұн, май... және Шымкент сырасы... (ФОТО)

Бейжің жазбалары. Ұн, май... және Шымкент сырасы... (ФОТО)

Қытай астанасы Бейжің қаласына жолымыз түскен бір сапарда қытай мәдениетінің бізге беймәлім тұстары жайлы жазуға тырыстық.

Қазір Сианьдағы онлайн-платформа Қазақстанның ұны, нан өнімдері, сұйық майдың неше атасы, «Қазақстан» шоколады секілді заттарға толы. Тіпті Шымкенттің сырасы да сөреде сықап тұр. Онлайн платформа арқылы Қазақстан тауарларының 40-қа жуық түрі тұтынушыға қолжетімді.

Ал кәсіпкерлер біздің ауылшаруашлық өнімдерінің сапасы жоғары екенін айтады. Қазіргі жасалып жатқан логистикалық орталықтар екі елдің саудасын барынша қыздыратын болмақ. Өйткені мұнда да астық сақтайтын терминалдар, май өндіретін зауыттар салынған.

Жалпы 1,5 млрд тұрғыны бар Қытай нарығы сапалы өнімге құштар. Кәсіпкерлер біздің өнімдер тек Қытаймен шектеліп қалмайтынын айтады. Жібек жолының қайта жаңғыруы – Құрғақ порттан бөлек теңіз жолы арқылы да өзге елдерге сатуға мүмкіндік береді.

Сол себепті қытай кәсіпкерлері сапалы тауардың қандайы болса да алуға ниетті. Бір ғана мысал саумал мен түйенің құрғақ сүті қымбат болса да мұнда көп тұрмайды. Тез сатылады.

Жалпы осы онлайн-платформада 50 ел 100-ге жуық ұлттық павильондарын ашқан. Оның ішінде Қазақстан да бар.

Қытай ірі мемлекет болғанымен «көрші елдердің де дамығаны, ол жақтағы халықтың да тұрмысы тәуір болғаны дұрыс» деген пікірде. Өйткені «көрші дамыса, біз де дами түсеміз, көршің жақсы болса, сен де жақсысың» дегенді айтады.

Арман Әмен,

«Хабар-24» арнасының редакторы

(Басы мына жерде. Жалғасы бар)