Еуропа халқының 30% судан тапшылық көріп отыр

Еуропа халқының 30 пайызы тіршілік көзіне қол жеткізе алмай отыр.

Мәселен, Ұлыбритания мен Испания бұрын-соңды болмаған қуаңшылыққа тап болған. Сарапшылардың айтуынша, 2030 жылға қарай жаһан жұртшылығының саны 8,3 млрд жетіп, су ресурстарына сұраныс еселене түседі. Ал тіршілік көзі жетіспесе, ауыл шаруашылығы ғана емес, энергетика секторына да зиян келеді. Сондықтан шұғыл шара қабылдау қажет, дейді мамандар.