Майамиде электромобильдер көрмесі өтіп жатыр

Алуан түрі электр көлігі ұсынылған электр-сити ЭКСПО 2023 шарасына әлем елдерінің ірі автоөндірушілері қатысты.

Олар электронды велосипед, скутер, скейтборд сынды жылдам қуатталатын транспорт түрлерін ұсынды. 1 млн шаршы метр алаңды алып жатқан көрмеде 100-ге жуық электромобиль таныстырылды. Көрмеге келгендер авто тестілеуге қатысуға мүмкіндік алды.