Австралияның Квинсленд штатындағы бірнеше елді мекенге өрт қаупі төнді

Тұрғындар жедел қауіпсіз жерге көшірілді.

Соңғы мәлімет бойынша, қызыл жалын салдарынан 30-дан астам ғимарат жанып кетті. Жергілікті өрт сөндіру қызметі өткен тәулікте 35 нүктеде орман өрті тұтанғанын хабарлайды. Тілсіз жаудың тез таралуына байланысты көрші Тара қаласының тұрғындары да алдағы тәулікте эвакуацияланады.