Итбалықтарға қауіп төнді

Итбалықтарға қауіп төнді

Итбалыққа қауіп төнді. Оларға азық жетіспей, қырылудың аз-ақ алдында тұр.

Бұл туралы зерттеу жүргізген британдық ғалымдар мәлімдеді. Жануарлар  қоректенетін крилл мен шаяндар азайып кеткен. Мұны зерттеушілер жаһандық жылынумен байланыстырады.

Осылайша, жыл сайын итбалық саны 7%-ке кеміп отыр. Мәселен, 2009 жылдан бері теңіз жануары 2 млн-ға азайған. Ал ХХ ғасырдың бас жағында тіршілік иесі жойылудың аз-ақ алдында тұрды. Өйткені сол жылдары итбалықтың бағалы терісі үшін жаппай аулау жүргізілді.