Австралия Тувалуға көмектеседі

Австралия Тувалуға көмектеседі

Австралия үкіметі Тувалу аралының азаматтарына баспана бермек.

Себебі Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне байланысты аймақтың су астында қалу қаупі жоғары. Сондықтан Австралия билігі бұл елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өз мойнына алып отыр. Мәселен, климаттық инфрақұрылымды жақсартуға 220 миллион доллар қаражат бөледі.

Австралия бұған дейін де жыл сайын Тувалудың 300-ге жуық тұрғынын қабылдап келді. Тувалу – халқының саны 12 мың адамнан аспайтын әлемдегі ең шағын елдің бірі.