Италияның Тиволи қаласында өрттен 4 адам көз жұмды

Италияның Тиволи қаласында ауруханадан өрт шығып, соның салдарынан 4 адам көз жұмды.

Аурухана ішіндегі 200 науқас қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, өрт жертөледен шығып, жоғарғы қабаттарды түтін басқан. Қазір өрт сөндірілді, алайда нақты неден тұтанғаны белгісіз. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.