Австралияда акула адамға шабуыл жасады

Австралияда акула теңізде шомылып жүрген балаға шауып, мерт қылды.

Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан ақпар бойынша, оқыс оқиға Аделаида қаласы маңындағы жағажайда болған. Суда жүзіп жүрген жасөспірім кенеттен батып кетеді де, су үсті қанға боялады. Құтқарушылар 15 жастағы баланы жағаға алып шыққанымен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмаған. Австралияда биыл осымен үшінші рет адам акуланың құрбаны болды.