Көз линзасының қораптары қайта өңделетін болды

Көз линзасына арналған пластик қораптарды енді құрылыс материалдары өндірісінде қолдануға болады.

Австралияда осындай жоба іске қосылды. Компания бұл арқылы керексіз затты кәдеге жаратып ғана қоймай, қоршаған ортаны пластик қалдықтардан тазартуды да мақсат еткен. Жергілікті жұрт жыл сайын жарты миллиардқа жуық линза қорабын қоқысқа тастайды екен. Оларды жинау үшін бірлестік елдегі барлық дәріханаға арнайы жәшіктер қойып шыққан.