Күрдістан жұмысшы партиясының нысандарына соққы берілді

Түркияның Қарулы күштері Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі Күрдістан жұмысшы партиясының шабу нысандарына әуеден шабуыл жасады.

Әскери әрекет Түркияда террорлық ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшы партиясы содырларының Ирактың солтүстігіндегі түрік әскери базасына жасаған шабуылына қарымта соққы болды. Ол кезде тоғыз түрік сарбазы опат болған еді. Әскери мекеме өкілдері террорлық ұйымның 12 мүшесінің көзін жойғанын хабарлады. Сондай-ақ, түрік әуе күштері Күрдістан жұмысшы партиясына тиесілі мұнай зауыттары, баспаналар, үңгірлер мен бункерлер сияқты 29 нысанды жойды. Түркияның ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер шекарадағы Шырнак провинциясындағы штаб пәтерге барды. Жағдайға қатысты елде барлық саяси және мәдени іс-шаралар тоқтатылды.