Маймылдар да бала сияқты

Неміс ғалымдары жаңа зерттеу жасап, маймылдардың адамға ұқсас қылығын анықтады.

Олар да балалар сияқты бір-бірін мазақтап, қатты ойнайды екен. Зерттеушілер бірнеше жас шимпанзенің бірін-бірі ызаландырып тұрған бейнежазбасын жариялады. Мамандар ұзақ жылдан бері маймылдардың мінез-құлқын зерттеп келеді.