АҚШ-та тағы бір кеме көпірге соғылды

Бұл жолы оқыс оқиға Оклахома штатында болды.

Апат кезінде ешкім жапа шекпеген. Бірақ апаттың себептері әлі нақты белгісіз. Қазір көпірмен көлік қозғалысы қалпына келтіріліп, тексеру жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын АҚШ-тың Мэриленд штатында да контейнер тасушы кеме автокөлік көпіріне соғылып, өткел опырылып құлаған еді. 6 адам көз жұмды. Оқиғадан кейін штатта төтенше жағдай жарияланды.