АҚШ-тың 32 қаласын су басуы мүмкін

Теңіз деңгейінің көтерілуінен 2050 жылға таман АҚШ-тың 32 қаласын су басуы мүмкін.

Олардың қатарында Нью-Йорк, Сан-Франциско мен Майами шаһарлары бар. Бұл мекендерде АҚШ халқының 30% өмір сүреді. Ғалымдар мұны болдырмау үшін табиғи газ бен жерасты суларын өндіруді шектеуге шақырады. Әйтпесе шаһарлар шөгіп, теңіз деңгейі көтеріле береді. Мамандар: «кейбір қалаларда тасқыннан қорғану жүйелері табиғат апатына шыдас бермеуі мүмкін», – деп жатыр.