Қырғызстанда 9-шы студенттік театрлар фестивалі өтіп жатыр

«Жаңа есімдер» деп аталатын халықаралық іс-шараға биыл Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан мен Қазақстандық ұжымдар қатысуда.

Отандық өнерпаздар қырғыз көрермендеріне екі қойылым дайындап апарған. Бірі «Қасқыр ұлыған түн» болса, екіншісі «Кармен» шығармасы. Бір қызығы, қазақ студенттері «Карменді» әлемге танымал нұсқада емес, өзіндік көзқараспен сахналауды жөн көрген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жеңімпаздары «үздік қойылым», «үздік режиссура», «үздік актер» секілді бірнеше аталым бойынша анықталады.

Бейбарыс Берікұлы, Темірбек Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА студенті:

- Бұл спектакль біраз мүмкіндік болған сайын барша мемлекеттерді аралап жатырмыз. Осы күздің басында Гитисс яғни Москвадағы театр фестивалінде өнер көрсеттік. Бұл Ресей елінде де сахналанған болатын қазақтың намысын жібермей. Сонымен қатар әр апта сайын өзіміздің Қазақстандағы  облыстарды аралап, өнер көрсетіп жатырмыз.