Тайванда қуаты 6,3 балл жер сілкінісі тіркелді

Салдарынан ондаған ғимаратқа зақым келді.

Кейбіреуі құлауға жақын. Жергілікті метеорологиялық қызмет мамандарының айтуынша, бір түнде аймақта 80-нен аса зілзала болған. Әзірге табиғи апаттан зардап шеккендер жайлы ақпар жоқ. Айдың басында ғана аралдың Хуалянь уезінде жойқын жер сілкінісі тіркелген еді. Қуаты 7 баллдан асқан зілзаладан 14 адам көз жұмды.