359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Radio Asia Song Festival» халықаралық ән фестивалі өтті

  • 175

Қазмедиа орталығында «Radio Asia Song Festival» халықаралық ән фестивалі өтті.

Бірегей шара бас шаһарымыздың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Фестивальға Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына мүше ұйымдардың атынан жас өнерпаздар қатысты. Олар Үндістан,  Вьетнам, Қытай, Ауғанстан, Түрікменстан, Түркия, Непал және Индонезия елдерінен арнайы келген. Сондай-ақ айтулы шарада еліміздің жас дарындары Рүстем Жүгінісов пен Джордан Аракелян  өнер көрсетті.

Рүстем Жүгінісов, әнші:

- Кішкентай кезімнен неше түрлі халықаралық байқауларға қатысып келе жатырмын. Бұл атмосфераға мен үйрендім. Өзімізде Қазақстанда болып жатқан соң өзімді еркін сезіндім. Кейбіреулер өздерігің ұлттық аспаптарын алып келіп керемет естімеген заттарды естіп жатырмын бүгін. Осындай фестивальдер көп болса екен деймін.

Хабар 24 телеарнасы